Алматы облысында зорлау ісі бойынша айыпталған ер адам қамаудан қашып кетті
Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азамат К. қашып кетті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, осыған байланысты «Дабыл» жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды. Күдіктіге іздеу жариялады.
- Алматы облысы Полиция департаменті Уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туылған Талғар ауданы, Тереңқара ауылы, Новостройка көшесі, №216-үй мекен-жайы бойынша тіркелген Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз, - деп хабарлады облыстық ПД.
Сондай-ақ полиция іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білген жағдайда келесі телефондар арқылы дереу хабарлауды өтінді: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102.
#заң, #Полиция, #Алматы облысы