Журналистер арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті
Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен VI халықаралық журналистер форумы аясында журналистер арасында тоғызқұмалақтан сайыс өтті.

Сайысқа еліміздің әр өңірінен келген журналистер қатысты. Қатысушылар тоғызқұмалақ ережелерін сақтай отырып, әр турда бір-бірімен мықтылығын сынады.

Шараның басты мақсаты – журналистердің интеллектуалды дамуына мүмкіндік беру, ұлттық ойындар арқылы мәдени байланыстарды нығайту және кәсіби ортада достық атмосфера қалыптастыру болды.

Форум қатысушылары сайыс барысында тек жеңіске жетуді ғана емес, ойынның тарихы мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеуді де басты мақсат еткендерін атап өтті.


Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен журналисттер арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қор президенті Нәзия Жоямергеннің айтуынша биылдан басталған бұл сайыс дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратын болады.
#Фонд тюркоязычных журналистов, #фондтюркоязычныхжурналистов, #тогызкумалак