Танысынан интимдік фото үшін миллион теңге бопсалаған

Танысынан интимдік фото үшін миллион теңге бопсалаған

Абай облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Семей тұрғынын ұстады. Ол шілде айының ортасынан бастап танысынан интимдік фотосуреттерді тарататамын деп қорқытып 1 млн теңге бопсалаған Бұл туралы abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Тергеу әрекеттері барысында 150 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат алынды. Күдіктінің әрекеттері ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігі "Бопсалау" бойынша сараланады, онда 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза көзделген.


#Семей, #право, #Абайская область