Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Құрылтай 83 қаралымabaidan.kz

Семейде 90 жастағы кейуана Құрылтай сайлауында дауыс берді

Семейде 90 жастағы кейуана Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін елімізде тарихи мәні бар Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Таң сәріден сайлау учаскелеріне түрлі жастағы тұрғындар келіп, өз азаматтық таңдауын жасауда.

Солардың қатарында 90 жастағы кейуана да бар. Жасына қарамастан, ол сайлау учаскесіне арнайы келіп, дауыс берді.

«Мен талай сайлауды көрдім. Әр заманның өз талабы, әр кезеңнің өз жаңалығы болады. Бүгін еліміздің жаңа кезеңіне қадам басып жатқанын көріп отырмыз. Жастарымыздың болашағы жарқын болсын. Ел аман, жұрт тыныш болсын деп тілеймін. Өз таңдауымды жасау – мен үшін азаматтық парыз», – деді ғасыр табалдырығындағы кейуана.

Биылғы сайлау Қазақстан үшін айрықша маңызға ие. 23 тамызда өтіп жатқан сайлау нәтижесінде жаңа бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтайдың алғашқы депутаттары сайланады. Құрылтай құрамына 145 депутат сайлануы тиіс, оған жеті саяси партиядан 545 кандидат ұсынылған.

Еліміз бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталды.

90 жастағы сайлаушының белсенділігі – ел өміріндегі маңызды саяси үдеріске азаматтардың жасына қарамастан қатысуының жарқын көрінісі.