Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Құрылтай 19 қаралымabaidan.kz

Елдос Жұмағұлов: Ашық саяси бәсеке сайлаушылардың таңдауына әсер етеді

Елдос Жұмағұлов: Ашық саяси бәсеке сайлаушылардың таңдауына әсер етеді

Сайлау науқанының алғашқы күндері саяси партиялардың дәстүрлі үгіт-насихатпен ғана шектелмей, ашық саяси бәсекеге де басымдық беріп отырғанын көрсетті. Бұл туралы «САЙЛАУ-2026: медиа және цифрлық платформалар» сарапшылар алаңында «Қоғамдық келісім» РММ басқарма басшысы Елдос Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі Egemen.kz.

Сарапшының сөзінше, науқанның алғашқы кезеңінен-ақ бизнес мүдделерінің өкілдігі, салық саясаты, ауылдық аумақтарды дамыту және экологиялық мәселелер қоғамдық талқылаудың негізгі тақырыптарына айналды. Бұл қазіргі сайлау науқанының алдыңғы сайлаулармен салыстырғанда мазмұнды саяси бәсекенің жоғары деңгейімен ерекшеленетінін көрсетеді.

Абзал Құспан: Сайлаудың сапасы партиялардың кадрлық әлеуетіне байланысты болады

Елдос Жұмағұлов саяси бәсеке бірнеше бағытта қатар жүріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, партиялар арасында кәсіби құзырет пен саяси тәжірибеге қатысты пікірталастар өрбісе, партияішілік үдерістер де сайлау науқанының барысына ықпал етіп жатыр.

«Мұндай жағдайда теледебаттардың маңызы ерекше артады. Дәл сол жерде партиялардың өзара сыннан мазмұнды бағдарламалық талқылауға көше алатыны және сайлаушыларға сенімді балама ұсына алатыны айқындалады. Көп жағдайда бүкіл сайлау науқанының қалай қабылданатыны осы пікірталастардың сапасына байланысты болады», деді ол.

Сарапшының пікірінше, ашық саяси бәсекенің күшеюі азаматтардың саналы таңдау жасауына ықпал етіп, саяси партиялардың сайлауалды бағдарламаларының сапасына, ұсынатын дәлелдерінің негізділігіне және жария коммуникация деңгейіне қойылатын талаптарды арттырады.

Құрылтай ең алдымен қандай мәселелерге назар аударуы тиіс?

Айта кетейік, Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «САЙЛАУ-2026: медиа және цифрлық платформалар» сарапшылар алаңындацифрлық дәуірдегі саяси коммуникацияның трансформациясы, сайлауалды үгіт-насихатта жасанды интеллектіні қолдану, жалған ақпаратпен күрес мәселелері талқыланды.