Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Құрылтай 25 қаралымabaidan.kz

Құрылтай сайлауы алдында есептен шығару куәлігін қайдан алуға болады?

Құрылтай сайлауы алдында есептен шығару куәлігін қайдан алуға болады?

Дауыс беру күні тіркелген жерінде болмайтын азаматтар алдын ала есептен шығару куәлігін алып, басқа сайлау учаскесінде өзінің сайлау құқығын жүзеге асыра алады, деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Есептен шығару куәлігі арқылы дауыс беру – сайлау күні тұрақты тіркелген жерінен тыс болатын азаматтарға Қазақстан Республикасының кез келген сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік беретін рәсім.

– Ол үшін өзіңіз тіркелген учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беруіңіз қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз немесе паспортыңыз болуы тиіс. Құжатты сенімхат арқылы өкілдің алуы да мүмкін, бұл ретте сенімхатты нотариатта куәландыру талап етілмейді. Есептен шығару куәліктерін беру сайлауға 15 күн қалғанда басталып, дауыс беру күніне дейінгі күнгі сағат 18:00-де аяқталады, – деп хабарлады Астана әкімдігі.

Сайлау күні Қазақстан Республикасының аумағындағы өзіңіз таңдаған сайлау учаскесіне барып, есептен шығару куәлігін және жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет. Осыдан кейін сіз сайлаушылар тізіміне енгізіліп, дауыс беру бюллетені беріледі.