Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Құрылтай 74 қаралымabaidan.kz

Ортақ таңдаудың мозаикасы: Абай облысының жастары Құрылтай сайлауын еске салды

Ортақ таңдаудың мозаикасы: Абай облысының жастары Құрылтай сайлауын еске салды

Абай облысында алдағы Құрылтай депутаттарын сайлау туралы шығармашылық, спорттық ойындар мен командалық іс-шаралар арқылы айтылды. Ерекше шараға 300-ге жуық адам қатысты.

Дәстүрлі кездесудің орнына – интерактивті алаңдар

Қатысушыларға баяндамаларды жай ғана тыңдап қоймай, бағдарламаға өздері белсенді араласу ұсынылды. Жастар спорттық ойындарда бақ сынап, командалық тапсырмаларды орындады және шығармашылық алаңдарға қатысты.

Ортақ таңдаудың мозаикасы: Абай облысының жастары Құрылтай сайлауын еске салды

видеороликтен кадр

Мұндай формат алдағы сайлау туралы жастарға түсінікті әрі қызықты тілде жеткізуге мүмкіндік берді.

Жеке суреттерден ортақ көрініс құралды

Іс-шараның негізгі бөлігі үлкен бірлескен композиция жасауға арналды. Әр қатысушы оның жеке бөлігін салып, кейін барлық сурет бір композицияға біріктірілді.

Ортақ таңдаудың мозаикасы: Абай облысының жастары Құрылтай сайлауын еске салды

видеороликтен кадр

Ортақ таңдаудың мозаикасы: Абай облысының жастары Құрылтай сайлауын еске салды

видеороликтен кадр

Біртіндеп ондаған жеке жұмыстан Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған біртұтас картина құралды. Бұл идея алдағы дауыс берудің мәнін айшықтады: әрбір бөлік ортақ композицияны толықтыратыны секілді, әр азаматтың дауысы да жалпы таңдаудың бір бөлшегіне айналады.

Ортақ таңдаудың мозаикасы: Абай облысының жастары Құрылтай сайлауын еске салды

видеороликтен кадр

Ортақ таңдаудың мозаикасы: Абай облысының жастары Құрылтай сайлауын еске салды

видеороликтен кадр

Шығармашылық арқылы Абай облысының жастары маңызды күнді еске салып, әр адамның қатысуы ортақ нәтижеге әсер ететінін көрсетті.

Алда маңызды таңдау тұр

2026 жылғы 23 тамызда қазақстандықтар алғаш рет жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлайды. Өкілді органның болашақ құрамы маңызды мәселелерді талқылап, елдің одан әрі дамуына ықпал ететін заңдарды қабылдайды.