Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Құрылтай 73 қаралымabaidan.kz

«Әділет» партиясы республикалық сайлауалды штабтың жұмысын бастады

«Әділет» партиясы республикалық сайлауалды штабтың жұмысын бастады

«Әділет» партиясы Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясындағы үгіт-насихат жұмыстарын ресми түрде бастады. Бүгін еліміз бойынша партияның 20 өңірлік, 226 аумақтық штабы және шамамен 30 мың сенімді өкілі жұмысқа кірісті. Бұл туралы Астанада өткен Республикалық сайлауалды штабтың ашылуында партия төрағасы Айбек Дәдебай мәлімдеді.

Республикалық штабтың ресми ашылуы цифрлық форматта өтті. Шараны алғаш рет жасанды интеллект модераторы жүргізді. Штаб кеңістігі сайлауалды науқанды тиімді үйлестіруге, жедел шешім қабылдауға және бірлескен жұмысқа мүмкіндік беретін Open Space қағидаты бойынша ұйымдастырылды. Іс-шараға Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар, өңірлік штабтардың жетекшілері, партияның жастар қанаты мен бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты. Жиында сайлау науқанының құрылымы, штабтардың негізгі жұмыс бағыттары, алдағы кезеңнің басым міндеттері мен партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

«Әділет» партиясының партиялық тізіміне 186 кандидат енгізілді. Оның ішінде 72 әйел мен 114 ер адам бар. Кандидаттардың орташа жасы – 45 жас. Олардың қатарында заңгерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, педагогтер, медицина қызметкерлері, цифрлық технологиялар саласының мамандары, аграрлық және өнеркәсіп саласының өкілдері, мәдениет қайраткерлері мен азаматтық қоғам өкілдері бар.

«Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының толық мәтіні партияның ресми сайтында жарияланған.