Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кездесуге қала әкімдігінің бөлім басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері және «Отбасы банк» АҚ қызметкерлері қатысты.
Азаматтар тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз ету, жарықтандыру, жол инфрақұрылымы, сумен жабдықтау, жер қатынастары, кәсіпкеркерлік және денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.
Әр тұрғынның өтініштері бойынша түсіндірме беріліп, қала әкімі тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.










