Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Құрылтай 61 қаралымabaidan.kz

Приречный ауылында ақ жаулықты әжелер ұлттық киіммен дауыс берді

Приречный ауылында ақ жаулықты әжелер ұлттық киіммен дауыс берді

Жаңа Семей ауданындағы Приречный ауылында сайлау учаскесі ашылғаннан кейін тұрғындар белсенділік танытып, өз азаматтық таңдауын жасауға асықты.

Дауыс беруге алғашқылардың қатарында ұлттық киім киген ақ жаулықты әжелер болды. Сайлау учаскесіне арнайы ұлттық нақыштағы киіммен келген апалардың келбеті елдің салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын айшықтай түсті.

Ақ жаулықты әжелердің сайлауға қатысуы – азаматтық белсенділік пен ұрпақ сабақтастығының жарасымды көрінісі. Ұлттық киімдегі апалардың бейнесі сайлау учаскесіне ерекше көрік беріп, елдік пен бірліктің мәнін көрсетті.

Приречный ауылының тұрғындары осылайша маңызды қоғамдық науқанға өз үлесін қосып, азаматтық ұстанымын білдіруде.