Аягөз ауданы 69 қаралымabaidan.kz

Аягөз–Боғас жолының 63 шақырымы келесі жылы жөнделеді

Аягөз–Боғас жолының 63 шақырымы келесі жылы жөнделеді

Аягөз–Шұбартау бағытындағы жол мәселесін шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімінің басшылығымен жолдың жағдайына қатысты жауапты орындарға өтініш жасалды,-деді Аягөз ауданының әкімі Айбек Нұғымаров abaidan.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында.

Аягөз–Боғас жолы республикалық маңызы бар автомобиль жолы болғандықтан, оны жөндеуге қажетті қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Осыған байланысты жолды жөндеу мәселесі бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, жауапты мекемелермен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде Аягөз–Боғас бағытындағы жолдың 63 шақырымын келесі жылы жөндеу жоспарға енгізілді,-деді аудан басшысы.

Бұл – өңір тұрғындары үшін маңызды жаңалық. Себебі аталған жол Аягөз бен Шұбартау бағыты арасындағы қатынаста маңызды рөл атқарады. Жолдың жөнделуі тұрғындардың қатынасын жеңілдетіп, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жол сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ең басты мәселе – қажетті қаражаттың республикалық бюджеттен бөлінуі. Алдағы уақытта жоспарланған жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуы күтіледі.

Келесі жылға жоспарланған 63 шақырым жолдың жөнделуі – Аягөз–Шұбартау бағыты үшін көптен күткен маңызды қадам.