Аягөз ауданы – ауыл спорт ойындарының жеңімпазы
Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған ауыл спорт ойындарында Аягөз ауданы жалпы командалық есепте жүлделі І орынды иеленді. Бұл – аудан спортшыларының қажырлы еңбегі мен бапкерлердің кәсіби және жүйелі дайындығының айқын көрінісі.

Салауатты өмір салтын насихаттау мен бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізілген спорт бәсекесінде Аягөз ауданының спортшылары түрлі спорт түрлері бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, өз шеберліктері мен жеңіске деген жігерін дәлелдеді.
Салтанатты жабылу рәсімінде Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына спорттық-сауықтыру кешенінің сертификатын табыстады. Бұл — ауданның спорт инфрақұрылымын жақсартуға және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды әрі қуанышты жаңалық.
Аягөз ауданының әкімі Данияр Шәкәрімов өз сөзінде:
Бұл – аудан спортшыларының жанкешті еңбегі мен бапкерлердің жүйелі дайындығының жемісі. Аягөз спортына қолдау білдіріп жүрген барша азаматтарға алғысымды білдіре отырып, алдағы уақытта да жеңісті жол жалғасын табарына сенемін, — деді.

Аудан спортшыларына көрсетілген бұл қолдау – олардың жаңа белестерді бағындыруына үлкен серпін берері сөзсіз.