Туризм 34 қаралымabaidan.kz

Қырғызстан «Ала-Тоо Резорт» курортын салып жатыр: Жыргаландағы жоба туралы не белгілі?

Қырғызстан «Ала-Тоо Резорт» курортын салып жатыр: Жыргаландағы жоба туралы не белгілі?

Қазақстан Алматы тау кластерін кеңейтіпжатқанымен, өңірде тау шаңғы туризмінеинвестиция салып отырған жалғыз ел емес. Қырғызстанның Ыстықкөл облысында салыныпжатқан «Ала-Тоо Резорт» жыл бойы жұмысістейтін тау кластерінің алғашқы кезеңін 2026 жылғы 1 желтоқсанда ашу жоспарланған. Курорт Ақсу ауданындағы Жыргалан аңғарында бой көтеріп жатыр.

Үш аймақ және жүздеген шақырымдық шаңғыжолы

Бұған дейін жоба «Үш шың» деп аталған. Курорт үш аймақты – Жыргалан, Ақ-Бұлақ және Боз-Үчүктү біріктіреді. Оларды 2038 жылға дейінкезең-кезеңімен салу жоспарланған.

Курорттың ресми сайтында шаңғы трассаларыныңжалпы ұзындығы 250 шақырым болатыныкөрсетілген. Кластер жыл он екі ай жұмыс істеугеесептелген. Қыста мұнда шаңғы мен сноуборд тебуге мүмкіндік болса, жазда жаяу серуендеу, атпен саяхаттау және экотуризм бағыттарыұсынылады.

Жобаның жалпы құны 1,2 млрд еуроға бағаланыпотыр. 2025 жылғы шілдеде «Ала-Тоо Резорт» мемлекеттік кәсіпорны 100 пайыз акциясымемлекетке тиесілі акционерлік қоғам болып қайтақұрылды.

Аспалы жолдарды аустриялық компания салыпжатыр

Курортқа арналған көтергіштерді аустриялықDoppelmayr компаниясы орнатып жатыр. Құрылысжұмыстары 2025 жылдың жазында басталды. Сол кезде тауға қажетті жабдықтар жеткізіліп, техникалық жолдар салынып, тіректердің іргетасықұйыла бастады.

Биыл шілдеде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров алғашқы аспалы жолдардың техникалықіске қосылуына бастау берді. Қазір алғашқы екіжелі салынып біткен. Олардың ең ұзыныныңұзындығы – 2 296 метр.

Ақпан айында «Ала-Тоо Резорт» пен аустриялықкомпания тағы төрт аспалы жол салу туралыкелісімшартқа қол қойды. Құжатқа «Ала-ТооРезорт» басқарма төрағасы Жаркынбек Максутов пен Doppelmayr компаниясының Ресей және ТМД елдері бойынша бөлімшесінің басшысы Валерий Яшин қол қойған.

Алғашқы кезеңі желтоқсанда ашылады

Жыргаландағы курорттың алғашқы кезеңінде алтыаспалы жол мен ұзындығы 47 шақырымнан асатыншаңғы трассасы жұмыс істейді. Бұл туралы ҚырғызРеспубликасының Экономика және коммерция министрлігі Бішкекте туристік бизнес өкілдерінеарналған таныстырылымда мәлімдеген.

Шаңғы жабдықтарын жалға беру пунктіне, дүкенге, сақтау камераларына және жабдықтарды жөндеушеберханасына қажетті құралдарды аустриялықMRM GmbH компаниясы жеткізіп жатыр. Компания 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейінжабдықтарды орнатып, электронды өткізу жүйесініске қосып, сынақтан өткізуі және қызметкерлердіоқытуы тиіс.

Сонымен қатар курорт 35,4 млн сомға қардажүретін көліктер, қоқыс таситын машина, қартазалау техникасы мен жарықдиодты экрандарсатып алуда.

Шаңғы трассалары мен инженерлік қорғанысжүйелерін жобалаумен Ресейдің «НИПИ «Инжзащита» институты айналысады. Бұған дейінол Алтайдағы «Манжерок», Сочидегі «Красная Поляна» және «Роза Хутор» курорттарыныңқұрылысы мен инженерлік қорғаныс нысандарынжасауға қатысқан.

Қонақүйлер салынатын жер телімдері сатылыпжатыр

Курорт аумағындағы қонақүйлер, мейрамханалармен спа-кешендерді жеке инвесторлар салады. Оларға арналған жер телімдері ашық онлайн-аукцион арқылы сатылуда. Сауданың мамырайында өткен үш кезеңінің қорытындысы бойыншақонақүйлер, апартаменттер, мейрамханалар жәнебасқа да туристік нысандар салуға арналған 39 жертелімі сатылған.

Садыр Жапаров курорттың ашылу мерзімі туралы30 қазанда Анкарада өткен Түркі мемлекеттеріұйымының 13-саммитінде айтты. Ол ұйымға мүшеелдердің өкілдерін ашылу салтанатына шақырып, кәсіпкерлерді қонақүйлерге, мейрамханаларға жәнебасқа да туристік инфрақұрылым нысандарынаинвестиция салуға үндеді.

Жобаның барлық кезеңі аяқталғаннан кейін курорт жылына 2 млн турист қабылдауды жоспарлап отыр. «Ала-Тоо Резорт» сайтындағы мәліметке сәйкес, жобадан бюджетке түсетін түсім 146 млн еуроболады деп күтіледі. Жоба Министрлер кабинетініңқолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Қазақстан да тау бөктерлерін дамытып жатыр

Қазақстанда тау шаңғысы туризмі Алматы тау кластері аясында дамып келеді. 2029 жылға қарайкластердің негізгі нысанына айналатын жаңаAlmaty Superski курортын іске қосу жоспарланған. Жобаның операторы – «Бәйтерек» холдингінекіретін Kazakh Tourism Development компаниясы.

Көкжайлауда ұзындығы 60 шақырым болатын жаңашаңғы трассаларын салып, 17 көтергіш орнатукөзделген. Ал «Ой-Қарағай» курорты биыл шаңғытрассаларының ұзындығын 38 шақырымға дейінұлғайтты. Сондай-ақ Ақтас алаңында мейрамхана, қонақүй және конференц-залы бар кешен ашылды.

Шымбұлақ та кеңейіп жатыр. Бірінші кезеңдемұнда жаңа көтергіштер мен шаңғы трассаларысалынып, Шыңқалов шыңына дейін тағы біраспалы жол тарту жоспарланған.

Көрші елдер курорттарды неге дәл қазір салыпжатыр?

Өңір елдері тау туризміне бір мезгілде дерлікинвестиция құйып жатыр. Әзербайжан «Шахдаг» курортына 1,3 млрд доллардан астам қаражатжұмсаған. Қырғызстан Жыргалан курортын ашуғадайындалып жатса, Қазақстан Almaty Superskiжобасын жүзеге асырып, Алматы маңындағыкурорттарды кеңейтіп жатыр.

Kazakh Tourism Development бағалауынша, шетелдік турист тауда күніне орта есеппен 450 доллар жұмсайды. Бұл қаражат қонақүйлерге, дәмханаларға, жабдықтарды жалға беру орындарына және туристерге баспана ұсынып, тауға тасымалдайтын жергілікті тұрғындарғатүседі.

Бүгінде заманауи тау курорттарын дамыту елдерарасындағы туристер үшін бәсекенің бір бағытынаайналып келеді. Қазақстан мен Қырғызстан да осы мүмкіндікті пайдаланып, шетелдік және отандықтуристерді өздеріне тартуға бағытталғанжобаларды жүзеге асырып жатыр.