Мәдениет 10 қаралымabaidan.kz

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны таныстырылды

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны таныстырылды

Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті.

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны таныстырылды

Іс-шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Түсіпбекұлы, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар қатысты.

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны таныстырылды

Жиында кітаптың мазмұнына тоқталып, онда қамтылған ел дамуы, рухани кемелдену, ұлттық құндылықтар мен азаматтық жауапкершілік мәселелері талқыланды.

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны таныстырылды

Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов өз сөзінде еңбектегі шындық пен жауапкершілік ұғымдарының маңызына тоқталып, рухани дамудың мемлекет өркендеуіндегі рөлін атап өтті. Оның айтуынша, елдің басты байлығы – саналы азамат пен парасатты қоғам. Ал материалдық даму мен рухани өрлеу қатар жүргенде ғана мемлекеттің болашағы баянды болады.

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны таныстырылды

Айта кетейік, 21 тақырыптық бөлімнен тұратын жинаққа Мемлекет басшысының 1994 жылдан бергі сөйлеген сөздері, баяндамалары, мақалалары мен таңдаулы ой-тұжырымдары енгізілген.