Мереке қарсаңында спортшыларға жаңа автобус пайдалануға берілді

Мереке қарсаңында спортшыларға жаңа автобус пайдалануға берілді

Бүгін Бесқарағай ауданының балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне 17 орындық жаңа үлгідегі ГАЗель NEXT шағын автобусы берілді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Аудан әкімі Талғат Батырұлы Мұратов шағын автобустың кілтін мекеме директорына табыстады. 

"Бесқарағай ауданы қай кезде болмасын спорттың кез келген түрінен жақсы көрсеткіштер көрсетуде. Біз аудан спортын дамыту бағытында жұмыс атқарудамыз. Биылғы жылы балалар және жасөспірімдер спорт мектебін және дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттама әзірледік. Сонымен қатар, орталық стадионынды күрделі жөндеуден өткізу үшін құжаттар дайындалуда. Сондай-ақ биылғы жылы 2 ауылда шағын футбол алаңдары салынды. Осы бағытта жұмыс жасайтын боламыз",- деді өз сөзінде аудан әкімі Талғат Батырұлы Мұратов.


#Спорт, #автобус