Сібір жарасы анықталған жоқ

Сібір жарасы анықталған жоқ

Қазіргі таңда Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғыны ем қабылдауын жалғастырып жатыр. Науқастың жағдайы тұрақты, дене қызуы қалыпты. Бұл туралы abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігерлердің қайта консилиумы өтіп, келесі нәтижелер алынды:

Сібір жарасына ПТР нәтижесі: қан, жараның беткі қабаты, жара сұйығы – анықталған жоқ.

ПГР серологиялық зерттеу нәтижесі: сібір жарасы, күйдіргі, листериоз, пастереллез – анықталған жоқ.

Сібір жарасына ПТР нәтижесі: жараның беткі қабаты, сол бетіндегі жараның сұйығы, қан, жара қабыршығының құрамы - анықталған жоқ.

Сібір жарасына бактериологиялық зерттеу нәтижесі: жара сұйығы, ойық жара, жараның беткі қабаты, қан – анықталған жоқ.

Жетіжар ауылында (ауыл және шаруа қожалықтар) міндетті түрде термометрия жүргізіліп, күн сайын барлық мал басы клиникалық түрде тексеріліп жатыр. ❗️Бүгінде ауру жануар анықталған жоқ. «Бесқарағай-вет» мемлекеттік кәсіпорнының мамандары залалсыздандыру жұмыстарын жалғастырып жатыр.


#Абай облысы