Бородулиха ауданында су тасқынының алдын алу бойынша кеңес өтті
Абай облысы әкімінің орынбасары Д. Гариковтың төрағалығымен Бородулиха ауданының әкімдігінде су тасқыны қауіпті мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кеңес өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Жиынға Бородулиха ауданының әкімі А.Ибраев және Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары А. Штыкель, сала басшылары қатысты. Отырыста ауданның көктемгі су тасқынына дайындығы талқыланып, тиісті органдарға нақты тапсырмалармен ұсыныстар берілді.
#Абай облысы, #Бородулиха ауданы