Облыс әкімі Жезкент кентіндегі кен өндіру кәсіпорнының жұмысымен танысты
Облыс әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында Жезкент кентіндегі «Шығыстүстімет» тау-кен өндіру кәсіпорнында болды.

Мыс-полиметалл кенін өндірумен және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорын өндіріс көлемін жылдан жылға арттырып келеді. Өндірісте 1843 адам жұмыс істейді. Компания 2024 жылы бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам салық төлеген.
Кәсіпорын өңірдегі әлеуметтік бастамаларға тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. 2020-2024 жылдар аралығында компания Абай облысында денсаулық сақтау және спорт салаларына бағытталған бірқатар маңызды жобаларды қаржыландырған.

Аймақ басшысы мен компания жетекшілерінің қатысуымен өткен жиында кәсіпорын атқарған жұмысы мен жобалары туралы баяндады.
Облыс әкімі өндіріс орнының басшылығымен пікір алмасу барысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында облысқа әлеуметтік нысандар салуға көмек көрсетуге шақырды. Өңірдегі іргелі кәсіпорын ретінде Ұлы Абайдың 180 жылдығына тарту жасау керектігін айтты.
#Абай облысы, #Абай облысының әкімі, #кәсіпорын