"Аdal as" компаниясы «Шәкәрім оқулары» республикалық әдеби байқауына демеушлік жасады

Астанада II «Шәкәрім оқулары» республикалық байқауының қорытындыланды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі. 

Байқаудың мақсаты -  балалар мен жасөспірімдер арасында Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын насихаттап, оның терең философиялық еңбектерін түйсінуге үндеу. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен  әдеби байқауға 5-8 сыныпта оқитын еліміздің әр өңірінен келген кітапхананың 2000-нан астам жас оқырмандары қатысты. Қатысушылар Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығына қатысты  сұрақтарға жауап беріп, білімдерін көрсетті. 

"Кіл жүйріктің ішінен ең жүйрігін таңдау оңай болған жоқ. Дегенмен бәйге болған соң оза шабатыны болады, жол ортада сүрінетіні болады. Бәйгенің аты - бәйге.Екі айға созылған бұл байқауды ұйымдастырып, бүкіл шараны өткізген Ұлттық академиялық кітапханасына, оның директоры Ғазиза Құдайберген ханымға және кітапхана қызметкерлеріне, сонымен қатар уақыттарын бөліп келген қазылар алқасына алғыс білдіремін",-деді байқаудың демеушісі,  "Аdal as" компаниясының басшысы Ермек Мезібаев.

Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені астаналық 5 сынып оқушысы Едіге Килымбекұлы жеңіп алды. 1 орынды Тараз қаласының 7 сынып оқушысы Әдия Әділахмет, 2 орынды Батыс Қазақстан облысынан келген, 8 сынып оқушысы Кәусар Ислямқызы, 3 орынды Абай облысынан 5 сынып оқушысы Айару Әлібек иеленді.

"Аdal as" компаниясы атынан басқа жеңімпаздар мен өзге қатысушыларға демеушілер есебінен бағалы сыйлықтар берілсе, жетекшілері арнайы алғыс хаттармен марапатталды.


#Абай облысы, #байқау, #Шәкәрім