Дүниежүзілік ҮЕҰ күні: мақсаттар, міндеттер және Абай өңіріндегі даму перспективалары

Дүниежүзілік ҮЕҰ күні: мақсаттар, міндеттер және Абай өңіріндегі даму перспективалары

 Дүниежүзілік ҮЕҰ күні: мақсаттар, міндеттер және Абай өңіріндегі даму перспективалары тақырыбында дөңгелек үстел өтті,-деп хабарлайды  abaidan.kz  тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  Абай облысында ҮЕҰ қашанда азаматтық қоғамның алдыңғы қатарында болып, белгілі бір мәселелер бойынша халықтың ұстанымын айрықша білдіреді. Абай облысы әкімінің аппарат басшысы  Жасұлан Сәрсебаев әлемге әйгілі ядролық қаруға қарсы «Семей-Невада» қозғалысын - қазақстандық тұңғыш  үкіметтік емес ұйым екенін атап өтті.

 Біз бүгін Дүниежүзілік ҮЕҰ күнін дөңгелек үстел форматында атап өтудеміз. Өкінішке орай, әрқашан кездесу мүмкіндігі бола бермейді, бірақ біз кез келген уақытта өзекті мәселелерді талқылауға дайынбыз. Қазақстандағы азаматтық қоғам дамуының басы болған, биыл құрылғанына 35 жыл толған  - «Невада-Семей» қозғалысының басы-қасында жерлестеріміз тұрғанын атап өту қажет, - деді Жасұлан Сәрсебаев.

Сондай-ақ, аппарат басшысы азаматтық сектордың даму деңгейін тұтас белгілі бір қоғамның өркениетінен бақылауға болатынын айтты.

 Өткен жылдан бері күш-жігерімізбен барлық ресурстарды біріктіріп, Абай облысында бірыңғай ҮЕҰ орталығын құру жөнінде келіссөздер жүргізіп келеміз. Оның басты міндеті -  ҮЕҰ қызметіне бөлінген қаражатты жинақтау және оны басым бағыттарға сәйкес бөлу. Азаматтық сектордың даму деңгейі қоғам өркениетінің көрсеткіші болатындықтан бұл өте маңызды болмақ, - деп түйіндеді  Жасұлан Сәрсебаев.

Дөңгелек үстелге қатысушылар аймақтағы ҮЕҰ-ды дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, үкіметтік емес ұйымдардың мүдделеріне жататын мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, шараға қатысушылар бала құқығын сақтау мәселесіне де тоқталды.

 Айта кету керек, Абай облысы бойынша 500-ден астам азаматтық қоғам институттары тіркелген.


#Абай облысы