Биыл грант байқауына құжаттар 13-20 шілде аралығында қабылданады. Қандай құжаттар керек

Биыл грант байқауына құжаттар 13-20 шілде аралығында қабылданады. Қандай құжаттар керек

Қазіргі таңда Қазақстан бойынша ҰБТ сынағы өтіп жатыр.

Ұлттық тестілеу орталығы биыл грант байқауына құжаттар қабылдау ҰБТ тестілеуі аяқталған соң, 13-20 шілде аралығында өтетінін еске салды. 

Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.

Грант байқауына қатысу үшін келесі құжаттарды әзірлеу қажет:  

  • жеке куәлік;
  • ҰБТ сертификаты;
  • 3х4 көлеміндегі фото;
  • орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
  • жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;

#мектеп, #гранттар, #түлектер