Абай облысын әлеммен жалғайтын күре жол қолданысқа берілді

Абай облысын әлеммен жалғайтын күре жол қолданысқа берілді

Бүгін Республикалық маңызы бар «Қалбатау–Майқапшағай» тас жолы салтанатты түрде ашылды. Аталған жол Қытай мен көршілес Ресейді байланыстыратын транзиттік  дәліз. Оған қоса Абай облысы мен Шығыс Қазақстанның бірнеше ауданын орталықпен жалғайды. Ондағы жаңғырту жұмыстары жеті жыл бұрын басталып, ұзаққа созылған болатын. Енді көптен күттірген күре жол ел игілігіне берілді. 

Халықаралық логистикалық дәліздің 184 шақырымы Абай облысы арқылы өтеді.  Жол бойында Жарма, Көкпекті, Ақсуат аудандары жатыр. Күре жолдағы күрделі жөндеу кезінде жергілікті халыққа қатынас ауырлап, жылдап бейнет көрген. 

Тек облыстық қатынасты ғана емес, халықаралық транзитті қамтамасыз ететін стратегиялық дәліз. Мұның осы Республика күні, еліміздің басты мерекесі қарсаңында пайдалануға беріліп отырғаны облыс жұртшылығы үшін өте маңызды мереке,-дейді Абай облысының әкімі Берік Уәли.

Тас жол  аймақтың экономикалық тұрғыдан дамуына, туристік ағынның артуына, өңіраралық байланысты жақсартуда өте маңызды.

Қайта жаңарту жалпы ұзындығы 415 шақырым болатын 10 учаскені қамтыды. 

2019 жылдан бері бұл жоба іске асыру басталды. Әрине ол уақытқа ковид уақыты келді. Тас мәселесі, битум мәселесі шешілмеу себебімен осы жоба біраз созылып кетті. Былтырғы жылдан бері Президент тапсырмасына сәйкес барлық сұрақтар шешілді, - Дархан Иманашев “ҚАЗАВТОЖОЛ” ҰК” АҚ басқарма төрағасы 

Жобаны іске асыру Қытайдың Экспорттық-импорттық банкінің қаражаты есебінен және республикалық бюджеттен қаржыландыру арқылы жүзеге асырылды. Құрылыс сапасын  “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” жіті бақылап отырған.

1104 құрылыс материалдары іріктеп алынып, зертханалық сынақтан өткізілді. Жол белгілері, жолдың тегістігін тексеріп жатырмыз,- дейді Мейіржан Бауыржанұлы «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы» филиалының директоры

Тас жол  аймақтың экономикалық тұрғыдан дамуына, туристік ағынның артуына, өңіраралық байланысты жақсартуда өте маңызды. Жол бойында демалыс алаңдары, көпірлер мен өткелдер де салынды.


#Абай облысы, #ҚазАвтоЖол, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"