Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға кәсіби бағдар берілді

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға кәсіби бағдар берілді

Семей қаласындағы «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау» орталығында арнайы білім беру ұйымдары, кәсіптік бағдар беруші мамандары және техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналған облыстық семинар – практикум өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Мен кім боламын?», «Қалаймын – істей аламын - қажет» формуласы тақырыбында өткен шараның мақсаты - кәсіптік бағдар беру бағытында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату. Іс-шараға облыс бойынша 40-қа жуық маман қатысты. Іс – тәжірибе барысында кәсіптік бағдар беруші мамандар әртүрлі мамандық түрлерін таныстырды. Еңбектің әлеуметтік аспектілерін талқылау жұмыстары жүргізілді. Ерекше білім беруді қажет ететін баланың шығармашылық ынтасын ашатын технологиялар бойынша әдістемелік жұмыстар талқыланды. Арнайы білім беру ұйымдары мекемелерінің қызметкерлері 6 алаңда шеберлік сабақтарын жүргізді.

Айта кетерлігі, бүгінде орталықта 7 жастан 18 жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 62 бала бар. Мекеменің басты қызметі әлеуметтік оңалту және түзету, кәсіптік-еңбекке даярлық, медициналық, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, спорттық-сауықтыру технологиялары, шығармашылық қабілеттерін дамыту, баланың жеке басын тәрбиелеу, интернаттан кейінгі өзара әрекеттесуге бағытталған.


#Семей, #Абай облысы, #білім беру