NIS Семей мен Бейжің технология институты серіктестік орнатты

NIS Семей мен Бейжің технология институты серіктестік орнатты

Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжіңде өткен «International Forum on Artificial Intelligence and Education» атты халықаралық форум аясында білім мен технология саласындағы маңызды мәселелер талқыланды,-деп хабарлайды abaidan.kz Семей қалалық НЗМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шараға Бразилия, Малазия, Тайланд, Индонезия мен Қазақстанның білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өкілі Мәди Измаилов та бар. 

Форум Beijing Institute of Technology (BIT) және University of International Business and Economics (UIBE)университеттері ұйымдастырған Халықаралық таланттарды дамыту базасының қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы аясында өтті. Форумшылар Пекин технология институтының кампусымен қатар, ондағы ғылыми-инновациялық зертханалардың жұмысымен танысты.

Сапар барысында BIT және UIBE университеттерініңбасшылығымен екіжақты кездесулер өткізіліп, академиялық ұтқырлық пен түлектерді қабылдау бағытында келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде, Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Қытайдың жетекші инженерлік және зерттеу университеттерінің бірі – Бейжіңтехнологиялық институты арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, қатысушылар Пекиннің Хэпинцзе №1 және Чен Цзинлунь орта мектептеріне барып, тәжірибе алмасты.

- Бұл сапар екі ел арасындағы білім беру саласындағы қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, НЗМ оқушылар үшін жаһандық деңгейде білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашты, – деп атап өтті Мәди Измаилов.

Айта кетсек, BIT университетінің Чжухай кампусында тек ағылшын тілінде оқытатын Жасанды интеллект мамандығы бойынша бакалавр бағдарламасы іске қосылған. Бүгінде бұл мамандық еңбек нарығында аса сұранысқа ие мамандықтардың бірі.


#Білім