Республикалық Абай оқуларына қатысушылар Семейдегі Ұлы ақын ескерткішіне гүл қойды

Республикалық Абай оқуларына қатысушылар Семейдегі Ұлы ақын ескерткішіне гүл қойды

Тамыздың 8-і мен 11-і аралығында Абай облысының Абай ауданы Қарауыл ауылында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында XXIV республикалық Абай оқулары өтеді. Шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қолға алынған. Басты мақсат: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Шығармашылық байқауға еліміздің 16 өңірінен 131   оқушы, 27 жетекші  қатысады.

7 тамыз күні Республика өңірлерінен келген қонақтар мен конкурсқа қатысушылар Семей қаласы Абай алаңындағы Ұлы ақын ескерткішіне гүл қойып, рухына тағзым етті.  Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев байқауға қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

 

 

Салтанатты шарадан кейін қонақтар Семей қаласын аралап, мәдени-тарихи орындармен танысты.

Жас абайтанушылар Абай ауданының тарихи мәдени орындарына: Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтың мұражайына, Сырт Қасқабұлақтағы Абайдың туған жеріне,  «Еңлік – Кебек» ескерткішіне барады деп жоспарлануда. 

 9 тамызда   конкурсқа қатысушылар Абай аудандық мәдениет үйінде «Көңілім әнді ұғады», «Ұлылар әлемі» аталымдары мен   Жидебайдағы Амфитеатрда   «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымдарына қатысады.

https://studio.youtube.com/video/bQxLt79ckjY/edit


#Семей, #Абай облысы