ХXV республикалық Абай оқуларының ашылу салтанаты өтті
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымы оқушылары арасында ХXV республикалық Абай оқулары ашылу салтанаты өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Республикалық кезеңге облыстық кезең жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 130 - дан астам 8-11 сынып оқушылары қатысады. Абай оқулары қазақ тілінде алты аталым бойынша өткізіледі. Негізгі мақсаты: қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғаммен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.