Сексеннен асқан қария өзі білім алған мектебіне шөбересін жетектеп апарды
Бүгін еліміздегі мектептерде жаңа оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтті.
Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек мерекесінде қаладағы барлық мектептерде салтанатты жиындар өтіп, алғашқы қоңырау соғылды. Сондай жиын Семейдегі Шәкәрім атындағыүш тілде оқытатын көпбейінді гимназида өтті. Салтанатты жиынға Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады.
Оқушылардың ала жаздайғы асыр салып ойнаған, бірі қалаға, бірі демалыс орындарына барып тыныққан мерзімдері аяқталып, жаңа оқу жылы басталды. Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым. Сондықтан да халқымыз қашан да білімнің парқын түсіне білген. Сондай ата-ананың бірі - Жүрсінбек Жақсыбаев. Сексеннің сеңгірінен асқан қария өзі тбілім алған мектебіне шөбересін жетектеп әкеліпті. Біздің балалық шағымыз соғыстан кейінгі заманда өтті ғой. Ол кездер қиын еді. Қазіргі ұрпақ бақытты ғой. Не ішем, не кием демейді. барлығы бар. Тек ел іргесі аман болып, дендері сау болса болғаны ,-деп шөберелеріне сүйсіне қарады.
Салтанатты жиыннан соң оқушылар сынып сабақтарына қатысты.