Абай облысында этностардың мәдени байлығын дәріптейтін «ЭтноХАЛЫҚ» фестивалі өтті
Абай облысында өткен «ЭтноХАЛЫҚ» фестивалі аймақтың тұрғындары мен әртүрлі этнос өкілдерін, сонымен қатар жастарды бір шаңырақ астына жинады.
Іс-шара ұлтаралық қатынасты нығайтып, толеранттылық мәдениетін қалыптастыруды мақсат етті. Фестиваль барысында көрермендер мерекелік концертті тамашалап қана қоймай, «ЭтноХАЛЫҚ шеберханасы» алаңында түрлі ұлттардың қолөнер көрмесіне куә болды. Сонымен қатар, «Жастар ЭтноХАЛЫҚ» спорттық алаңында орта кәсіптік және жоғары оқу орындарының студенттері арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылды.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев фестивальдің маңыздылығын атап өтіп, бірлік пен ұлтаралық келісім еліміздің басты байлықтарының бірі екенін ерекше айтты.
– Бүгінгі таңда біздің қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісімін сақтау және оны дамыту бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Бірлік пен келісім – бұл жай ғана сөздер емес, олар – бейбітшіліктің негізгі тіректері. Осы фестиваль әр адамның жүрегіне жылулық пен қуаныш сыйлап, бірлігімізді нығайтады деп сенемін, – деді Айдар Садырбаев.