Семейдегі NIS психологі оқушылардың академиялықжетістігін арттыруға бағытталған жоба әзірледі

Семейдегі NIS психологі оқушылардың академиялықжетістігін арттыруға бағытталған жоба әзірледі

Қазіргі білім беру жүйесінде табысты оқушы ұғымы тек үлгерім көрсеткіштерімен өлшенбейді. Баланың ішкі күйі, эмоциялық тұрақтылығы және қоршаған ортамен қарым-қатынасы да оның академиялық жетістігінің негізгі құрамдас бөлігіне айналды. Осы мақсатта Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-психологі Жадыра Бейсембаева тың бастама көтеріп, оқушылардың оқу жетістігін арттыруға арналған авторлық жоба әзірледі.​


​Психолог ұсынған «Оқушылардың академиялықжетістігін психологиялық-педагогикалық қолдаудыңинтегративті моделі» атты жоба республикалық «Үздік жылпсихологі» байқауында кәсіби қауымдастық тарапынанжоғары бағаланып, ІІ орынға ие болды. Байқауда еліміздіңтүкпір-түкпірінен жиналған жүзден астам маман өз тәжірибесін ортаға салды. ​
​Жадыра Бейсембаеваның айтуынша, бағдарламаныңидеясы мектептегі күнделікті қажеттіліктен туындаған.

- Мектеп психологі ретінде жұмысымды бастағанда оқу үлгерімінің төмендігі бұрынғыдай тек оқушыныңнемесе мұғалімнің жауапкершілігімен түсіндіружеткіліксіз екенін аңғардым. Көп жағдайда«жалқаулық» немесе «тәртіпсіздік» деп қабылданатынмінез-құлықтың астарында шамадан тыс оқужүктемесі, ата-ана үмітін ақтай алмау қорқынышы мен баланың ішкі күйзелісі жатады, - дейді жоба авторы.

​Екі жылға жуық уақыт ішінде әзірленген бағдарлама алдымен тәжірибелік кезеңнен өткен. Жекелеген оқушымен жүргізілген жұмыс нақты нәтиже беріп, тек эмоционалдық жағдайдың ғана емес, оқу көрсеткіштерінің де жақсарғанын көрсетті. Осыдан кейін әдістеме ауқымы кеңейтіліп, жүйелі модель ретінде қалыптасты.Жобаны әзірлеу барысында«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Балалардың игілігі департаменті әдістемелікқолдау көрсетіп, жұмыстың жүйелі жолға қойылуына ықпалетті. ​
​Бағдарлама мектепті тұтас жүйе ретінде қарастыратын көпдеңгейлі қолдау қағидатына негізделген. Мұнда оқушы, мұғалім және ата-ана бір-бірімен тығыз байланыста әрекет ететін орта қалыптастырылады. Модель төрт негізгі бағыттан тұрады.​​Алғашқы бағыт – диагностика. Бұл кезеңде оқушылардың эмоциялық жай-күйі мен оқу мотивациясы арнайы ғылыми әдістемелер (Филлипстіңмектептегі мазасыздықты анықтау тесті, Реан–Якунин сауалнамасы) арқылы анықталады. Екінші бағыт – оқушылардың өз эмоциясын басқару дағдыларын дамыту. Мұнда жасөспірімдер күйзеліспен күресу, мазасыздықты төмендету және ішкі мотивацияны қалыптастыру жолдарын меңгереді. Үшінші бағыт педагогтерге арналған. «Бағалаудағы эмпатия» воркшопы мұғалімдерге бағаны қысым құралы емес, оқушының дамуына бағытталған тиімді кері байланыс ретінде қолдануды үйретеді. Ал төртінші бағыт ата-аналармен жұмысты қамтиды. Бұл бөлімде отбасындағы қолайлы психологиялық орта құру мен баламен сенімді қарым-қатынас орнату мәселелері басты назарға алынады.​​
​Авторлық бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – оныңцифрлық форматта жүзеге асырылуы. Осы мақсатта«Проект Я» атты веб-платформа әзірленіп, онда оқушыларғаарналған интерактивті жоспарлау құралы – «Супер-планер», күйзелісті жеңуге арналған жаттығулар, сондай-ақмұғалімдер мен ата-аналарға арналған мультимедиялықматериалдар жинақталған. ​


​Бағдарламаны енгізу нақты нәтижелер көрсетті. Зерттеу деректеріне сәйкес, мектептегі мазасыздық деңгейі20 пайызға төмендеп, оқу мотивациясы 25 пайызға артқан. Ал орташа академиялық көрсеткіш 8 пайызға өскен. 

- Біздің басты мақсатымыз – оқу барысындағықиындықтарды бала үшін күйзеліс көзі емес, даму мүмкіндігіне айналдыру. Өйткені шынайыакадемиялық табыс ең алдымен баланыңпсихологиялық әл-ауқатымен тығыз байланысты, - дейді Жадыра Бейсембаева.


#Абай облысы, #мұғалім