Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы студенттерге ашық есік күнін өткізді

Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы студенттерге ашық есік күнін өткізді

Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы абай облысы білім басқармасымен бірлесе қала студенттеріне ашық есік күнін өткізді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Студенттермен кездесуде филиал директоры Ф.А Джуланов  орталықта жүргізілетін жұмыстарды таныстырды.

Ашық есік күніне Көлік , Электротехникалық колледждермен Шәкәрім университеті колледжінен жалпы саны 80-ге жуық студент қатысты.Орталықтың инженер маманы жолдағы жұмыс сапасын бақылау қалай жүргізілетінін көрсетті. Жолдардың сапалы болуы үшін құрылыстың барлық кезеңдерінде технологияны қатаң сақтау қажеттігі студенттерге нақты қадамдармен түсіндірілді.

Жылжымалы жол зертханасы арқылы автомобиль жолдарындағы жұмыстардың сапасына, жолдарды жөндеуге сараптама жасады. Студенттер жол диагностикасының көрсеткіштері ретінде жолдың беріктігі, қаттылығы, тегістігіне қатты назар аудару қажеттігін тәжірибеде көрді.

 

Биыл сынақ процестерін KAZROADLAB БАҒДАРЛАМАСЫ арқылы цифрландыру жоспарланған.  Бұл-цифрлық форматқа көшуге мүмкіндік. Бағдарлама жол объектілерінде жүргізілетін жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптаудың барлық процестерін автоматтандыруға және цифрландыруға арналған.

Колледж студенттерін жүйеде күнтізбелік жылға байланысты жұмыс түрлері бойынша сапа сараптамасымен қамтылған барлық объектілер бойынша толық ақпарат сақталатыны қызықтырды.

Кездесуден студенттер жақсы әсерде қайтты. Болашақта осы орталыққа жұмыс істеуге ниеттерін білдірді.


#Семей, #жол, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"