Биыл Семей қаласында тамақтан улану бойынша ауырғандардың саны 12 адамды құрады.
Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Бақша дақылдарын сату: жаппай тамақтан уланудың алдын алу» тақырыбында өткен брифинг барысында «Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Шыңғыс Шокушев баяндады,-деп хабарлайды abaidan.kz.
Спикердің айтуынша, 2024 жылдың алғашқы жарты жылдығында Семей қаласы бойынша бақылау және қадағалау объектісіне («Brownies» кафесі) байланысты инфекцияның бірыңғай берілу факторымен жіті ішек инфекцияларымен 1 топтық сырқаттану тіркелген.
- Семей қаласы бойынша тамақтан уланудың алдын алу аясында қоғамдық тамақтану нысандарына бақылау жүргізілуде, түсіндіру жұмыстарымен 38 кәсіпкерлік субъектісі қамтылды, - деп атап өтті басқарма басшысы.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде түрлі санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілді. Тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында күн сайын базарларда «Әр үйге қауіпсіз азық-түлік», «Денсаулық кепілі - қауіпсіз тамақтану», «Салауатты азық-түлік - халық денсаулығы» тақырыптарында 4 акция ұйымдастырылған.
Қала тұрғындары арасында бақша дақылдарын тұтынумен байланысты химиялық этиологиядағы тамақтан улану тіркелген жоқ, бірақ қарбыз пен қауын пайдаланғаннан кейін ішек инфекцияларымен ауыру жағдайлары орын алған.
- Жидектерді пайдаланар алдында міндетті түрде жуу керек, ал олар жуылмайды және өткізу орындарында лас мүкәммалмен кесіледі. Сонымен қатар, олар 3-4 градустан аспайтын температурада суық жағдайларда 6 сағаттан артық сақталмауы тиіс, - деп қорытындылады тамақтану объектілерін бақылау мен қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы Әсия Жарылғапова.