ЕМХАНАЛАРҒА ЕРКІН ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында елімізде бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарын еркін таңдау науқаны басталды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол екі ай көлемінде жүргізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Абай облысы бойынша ДСБ басшысының орынбасары Гүлназ Таңатарова және аймақ бойынша медициналық сақтандыру қорының директоры Ғалымжан Әбілов баяндады.
Қордың денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасында облыс бойынша 37 БМСК ұйымдары тіркелген. Оның ішінде 21 ұйым мемлекеттік, 16 ұйым жеке меншік.
Емханаға тіркелу «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ, халықтың жекелеген санаттары ауруханаға жеке басын куәландыратын құжатпен тікелей жүгіне алады.
#Семей, #Денсаулық, #Абай облысы