Шетелден біліктілік арттырып келген дәрігерлердің нәтиже көрсететін кезі келді – ШҚО әкімі

Шетелден біліктілік арттырып келген дәрігерлердің нәтиже көрсететін кезі келді – ШҚО әкімі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов шетелге барып біліктілік арттырып келген дәрігерлердің нәтиже көрсететін уақыты жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шетелден біліктілік арттырып келген дәрігерлердің нәтиже көрсететін кезі келді – ШҚО әкімі

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, соңғы жылдары өңірде денсаулық сақтау саласына мол қаражат бөлініп жатыр. Өскеменде ПЭТ компьютерлік томографы орнатылған онкологиялық орталық ғимаратының құрылысы аяқталуда. Сондай-ақ кардиоқызметі бар гематологиялық орталық салынуда.

«Аудандық ауруханалар да қажетті қондырғылармен жадбықталып келеді. Дәрігерлер мен орта медициналық персоналды оқыту мен біліктіліктерін арттыру жыл сайын алдыңғы бағытқа қойылған. Облыс бойынша PACS жүйесі енгізілді, ол дәрігерлердің дұрыс диагноз қоюдағы күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді. Алайда кейбір аурулар бойынша біздің көрсеткішіміз орташа республикалық деңгейден жоғары болып отыр. Енді шетелге барып біліктілік арттырып келген дәрігерлердің нәтиже көрсететін кезі келді», - дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Биыл Риддерде аурухана құрылысы, Өскемендегі медициналық орталықта жөндеу жұмыстары басталды.

«Жалпы, бүгінде аудандық ауруханаларда перзентхана қызметтерінің барлық кешені бар. Яғни болашақ аналарға қалаға барудың еш қажеті жоқ», - дейді әкім.


#Дәрігер, #ШҚО