Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері МӘМС аясында 7 мыңнан астам ота жасалды

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері МӘМС аясында 7 мыңнан астам ота жасалды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері МӘМС аясында 7 мыңнан астам ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері МӘМС аясында 7 мыңнан астам ота жасалды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыста МӘМС аясында көрсетілетін медициналық қызметтердің саны жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда жүйеде сақтандырылған өңір халқының жалпы саны 738 мыңнан астам адамды құрап отыр.

Биыл Шығыс Қазақстанда МӘМС шеңберінде 7 мыңнан астам ота жасалды. Оның 58-і жоғары технологиялық көмек. Халық арасында компьютерлік томография сияқты қымбат зерттеу процедураларына жүгінетіндер көп.

«Медициналық көмекті қаржыландырудың жыл сайын ұлғаюына байланысты 2023 жылы аймақ бойынша 7 мыңнан астам МРТ және 5 мыңнан астам КТ, 460 мың зертханалық зерттеу, 207 мың аспаптық диагностика жүргізілді. Осы жылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға қолайлы болу үшін бір жылға арналған бірыңғай төлем жүйесі енгізілді. Яғни, олар өткен кезең үшін төлемей алдағы 12 айға төлем жасап, жүйеде сақтандырыла алады», - дейді филиал директоры Нұрлан Кідірбаев.


#Денсаулық, #ШҚО, #МӘМС