АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ҚОҒАМДЫҚ ЭКО-БАҚЫЛАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ҚОҒАМДЫҚ ЭКО-БАҚЫЛАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық шарасын қолдау және «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен 15 тамыз-15 қыркүйек аралығында «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы өтуде.                                               Абай облысында аталған акцияға азаматтық қоғам өкілдері, қоғамдық кеңестер, экологиялық ҮЕҰ, эко-волонтерлер кеңінен тартылып жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы облыстағы бірнеше стихиялық қоқыс орындарын аралап, қалдықтарды жинау, тасымалдау және орналастыру мәселелерінде тиісті бақылау жүргізді. Нәтижесі бойынша тиісті ұйымдарға ұсынымдар берілді.


#Экология, #"Таза Қазақстан" акциясы