Экологиялық бақылау бөлімі өңірде 32 тексеру жұмыстарын жүргізген
Ағымдағы жылдың 8 айында жүргізілген тесеріс нәтижесінде ҚР экологиялық заңнамасының 92 бұзушылығы анықталып, арнайы іс-шара қолданған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысы экология департаменті басшысының орынбасары Оралхан Ауезбеков мәлімдеді.
- Абай облысы бойынша экология Департаментінің Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі 2023 жылы 21 жоспардан тыс бақылау жүргізді. Нәтижесінде 35 заң бұзушылық анықталып, заң бұзушылықтарды жою туралы 35 нұсқама шығарылды, оның ішінде 26 нұсқама орындалды, ал қалған 9-ы сот сатыларында қаралуда. Ал биыл 92 заң бұзушылығы анықталды. Бұзушылықтарды жою туралы 72 нұсқама беріліп, бүгінгі күні 63 нұсқама орындалды. Департаментпен қозғалған 92 әкімшілік іске жалпы сомасы 440 720 725 млн теңге айыппұл салынды, - деп атап өтті Оралхан Ауезбеков.
2024 жылға арналған талаптарға сәйкестік тұрғысынан «Фик Алел» АҚ тексеру жүргізілген. Тексеру барысында ӘҚБтК-нің 325, 328, 332-бабтары бойынша жалпы сомасы 110 326 595 т айыппұл салынып, нұсқама бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы іс толығымен орындалған.
- «Фик Алел» АҚ ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Абай облысының Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен ҚР ӘҚБтК 328-бабы 3-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылдыжәне мемлекет кірісіне ерікті түрде 42 956 954 теңге мөлшерінде айыппұл өндірілді. Бұдан бөлек, «Синьсин құрылыс және даму жөніндегі Қытай компаниясы» ЖШС-не, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің хаты негізінде жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 328 бабының 1 тармағы бойынша 2 айыппұл салынды, - дейді спикер.
Қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірледі, оның ішінде бірқатар экологиялық шаралар жүзеге асуда. Яғни, жылу қазандықтары мен өндіріс орындарының жұмысын бақылау.
- Семей қаласының қолданыстағы жылумен жабдықтау жүйесін оңтайландыру, оң жағалау тұтынушыларын жылу қуаттылығың арттыру үшін және Семей қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ТЭЦ-3 орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың жаңа көзін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай –ақ, «Семей цемент зауыты» ЖШС-да жалпы атмосфералық ауаны ластаушы 186 стационарлық көздер бар, олардың 82-сі ұйымдасқан көздер, 104-і ұйымдастырылмаған, 33 ластау көзі тазарту қондырғыларымен жабдықталған,- деп қорытындылады Абай облысы экология департаменті басшысының орынбасары.