2024 жылдан бастап мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

2024 жылдан бастап мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік бюджетке қарайтын ұйымдардың қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізу туралы үкімет қаулысын дайындады, деп хабарлайды  abaidan.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап. Атап айтқанда, біліктілік санаттарына қолданылатын коэффициенттерді арттыру қарастырылған. Орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу және жұмысшыларға біліктілік санаттарын беру Жұмысшылардың жұмысы мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасына сай жүзеге асатыны түсіндірілді. Мемлекеттік қызметкерлер қатарына білікті жұмысшылар жатады.

Түсіндірілгендей, бұл жағдай 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының 85 мың теңгеге дейін көтерілуіне байланысты қарастырылған. Еңбек заңнамасына сай бірінші санаттағы қызметкердің ең төменгі айлық жалақысы ең төменгі айлық жалақыдан төмен болмауы керек.

Қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Құжат 30 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына жарияланған.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда ең төменгі жалақының көтерілгені кімге әсер ететінін айтқан еді. Ең төменгі жалақының көтерілуі ең әуелі жалақысы төмен жұмысшыларға әсер етеді. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төменгі жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер санат аралық біліктілік жүйесін ескере отырып, басқа санаттағы қызметкерлердің жалақысын да қайта қарайды.


#жалақы, #Үкімет