Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың бағдарламасы бекітілді

Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың бағдарламасы бекітілді

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшелерімен кездесті. Жиында өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мәселелері көтерілді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің бпспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазіргі таңда 2024-2026 жылдарға арналған тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама

тарихи құндылығы бар мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізу үшін қарауды талап ететін объектілерге талдау жүргізу, тарихи-мәдени мұра объектілеріне 3D картасы мен 3D экскурсия жасау, «Абай облысының киелі жерлері» жобасын әзірлеу, тарих пен мәдениет ескерткіштерін кеңінен насихаттау, ағарту жұмыстарын жүргізу, археология саласын дамыту, облыс аумағында орналасқан тарихи-өлкетану мұражайларының жұмысын жаңғырту және т.б жұмыстардан тұрады.

Негізгі даму жобаның бірі – Найманбаев пен Момышұлы көшелерінің қиылысында тарихи жол айрығын жасау. 

Оны тиісті көгалдандыру арқылы антиквариат ретінде стильдеу, шағын архитектуралық пішіндерді, инсталляцияларды орнату, сондай-ақ арнайы QR кодтармен жабдықтау жоспарланған. Олар арқылы келушілер құрылымның тарихымен танысып, фотосуреттер мен бейнероликтер арқылы толық ақпарат ала алады. Естеріңізге салсақ, мұндай кездесулердің мақсаты - диалогты жалғастыру және бірлескен күш-жігер арқылы Абай облысының мәдени мұрасын сақтау және туристік әлеуетін дамыту.


#Абай облысы, #Абай облысының әкімі, #мәдениет