Адал Ас компаниясы Петропавлда өз өнімдерін таныстырды

Адал Ас компаниясы Петропавлда өз өнімдерін таныстырды

2025 жылғы шілденің 5-6-7 күндері аралығында Петропавл қаласындағы Dostyk Mall сауда үйінде өткен жәрмеңкеде отандық Адал Ас компаниясы өз өнімдерін жергілікті тұрғындарға ұсынды.

Адал Ас – ұлттық өнімдер өндірумен айналысатын, табиғи және сапалы тағам түрлерін ұсынатын танымал компания. Жәрмеңке барысында келушілер компанияның экологиялық таза, ешқандай қоспасыз дайындалған өнімдерінен дәм татып, сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Компания тек дәстүрлі өнімдермен шектеліп қалмай, жаңа AS TAL өнімімен де көпшіліктің назарын аудартты. Бұл – нарыққа жаңадан шыққан, ерекше технологиямен дайындалған, дәмі мен сапасы үйлескен заманауи өнім. AS TAL тұтынушыларға заманауи қаптамада ұсынылып, өзінің құнарлылығы мен табиғилығы арқылы оң пікірлерге ие болды.

Адал Ас өкілдерінің айтуынша, мұндай жәрмеңкелер халықпен жақын қарым-қатынас орнатуға, олардың сұранысы мен талғамын ескеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, отандық өнімді қолдау мен жергілікті нарықты дамытуға үлес қосады.


#Абай облысы, #Адал Ас