«ADAL AS» өнімдері - “ Бір ауыл - бір өнім” көрмесінде
Астана қаласында “ Бір ауыл - бір өнім” көрмесі өтуде. Жоба өңірдегі бірегей өнімдерді іздеуге, жергілікті тауарлар мен өнімдерді өндіруді дамытуға ынталандыруға, сонымен қатар тек жергілікті шикізатты пайдаланатын өндірушілер бірлестіктерін құруға бағытталған. Көрмедегі өнім мен бұйымнан көз сүрінеді. Еліміздің әр жерінен келген кәсіпкерлер өз өнімдерін көпшілікке ұсынуда. Тіпті, жиылғандар сауда жасап, қалағанын сатып алып жатыр. «ADAL AS» компаниясы да көрмеде өз өнімдерін ұсынды.
Табиғи өнімнен жасалған тағамдарға сұраныс көп. Себебі, сырттан келген өнімнен күдер үзбесе де, тұтынудан бас тартқандар бары жасырын емес. Ұлттық өнімдер өндіретін «ADAL AS» компаниясының да басты мақсаты – халықты табиғи таза өніммен қамтамасыз ету. Компания нарыққа шыққан 15 жылда тұрғындарға түрлі отандық өнімді ұсынып келеді. Заман талабына сай жаңалықтарды да енгізуде алдыңғы қатарда. Осы бағытта компания - «AS TAL» коктейлін жасап шығарды. Ерекше өнім бүгінде көпшілік сұранысына ие болды. «AS TAL» коктейлі ешбір қоспасыз дайындалған пайдалы, табиғи өнім. Денсаулықты жақсартуға септігі мол. Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді. Ас қорыту, ағзаны тазарту, күш-қуат беру, қан қысымын реттеу, қанның құрамындағы қант мөлшерін төмендету, салмақ азайтуда таптырмас өнім. Оның негізі - талқаннан құралған. Тамақты алмастырады.
«Бір ауыл-бір өнім» көрмесі екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Әрбір елді мекеннің өзінің бәсекелестік артықшылығына сай, жергілікті шикізатты, жергілікті мүмкіндіктерді пайдалана отырып, көрмеге келушілерге өз өнімдерін ұсынуда. Нарықта нәтижеге жету үшін тауар мен өнімнің сапалы болғаны маңызды. Бұл бизнестегі бәсекені күшейтеді. Табыс табудың кілті де – сонда.
#Абай облысы, #Астана, #көрме, #Ас ТаL, #Адал Ас