Барқытбел баурайында «АS ТAL» өнімі таныстырылды.
«АDAL AS» компаниясының «АS ТAL» өнімі Үржар мен жаңадан құрылған Мақаншы аудандарының тұрғындарына таныстырылды,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі.
Үржар ауданы Абай облысының оңтүстігінде орналасқан. Негізінен қой, ет-сүт бағытындағы ірі қара мал және дәнді дақылдар өсірумен айналысады. Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу жоғары деңгейде дамыған. Ал ҚР Президентінің Жарлығымен Үржар ауданынан бөлініп, төртінші рет қайта құрылған Мақаншы ауданында тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өндірісі мен туризм саласы жолға қойылған. Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында облыстық кәсіпкерлік басқарманың ұсынысымен ұйымдастырылған «Жергілікті тауар өндірушілердің көрме-жәрмеңкесі» аясында «АDAL АS» компаниясы екі ауданның тұрғындарына жаңа «АS ТAL» өнімін таныстырды. Жергілікті тұрғындар жаңа өнімнің дәмін татып көруге мүмкіндік алды.
«АS ТAL» - ешбір қоспасыз дайындалған пайдалы, табиғи өнім. Денсаулықты жақсартуға септігі мол. (Ағзаны тазарту, күш-қуат беру, қан қысымын реттеу, қанның құрамындағы қант мөлшерін төмендету, салмақ азайту т.б)
Өнімнің негізі -талқан.
Алматы технологиялық университеті Азық-түлік өнімдерінің сапа мен қауіпсіздігін бағалау ғылыми-зерттеу зертханасы мен «Alikhan Bokeikhan University» зертханасында зерттеуден өткен.