Инвестициялық форумда қол қойылған меморандумдар тізімі:

Инвестициялық форумда қол қойылған меморандумдар тізімі:

Абай облысы білім басқармасы мен Астана қаласының құрылыс басқармасы – «Жайлы мектеп» жобасы аясында білім беру нысанын салу.
Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мен «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС» – тазартылған май өндіретін зауыт салу.
Абай облысының құрылыс басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы – Семей қаласының оң жақ жағалауында құрылыс жобаларын іске асыру.
 Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ақтөбе облысының әкімдігі - Жекпе-жек сарайының құрылысы. 
Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен Түркістан облысының әкімдігі – Көрме орталығының құрылысын салу.
Семей қаласының әкімдігі мен «KAZ Minerals» ЖШС – жаңа стадион құрылысы.
«Семей» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС» - бұршақ және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын қайта өңдеу және пиллинг бойынша зауыт салу жобасы.
Семей қаласының әкімдігі мен «Эйкос» ЖШС – қаланың аула кеңістіктерін абаттандыру.
Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «DKPROEKT» құрылыс компаниясы – «Semey Smart City» ауданы бойынша жаңа жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу.
Абай облысының туризм басқармасы мен «Бірлік-Павлодар» ЖШС - жол бойындағы сервистік нысандардың құрылысы. 
Жаңасемей ауданының әкімдігі мен ЧК MIRYILDIZ KZ Ltd. –Жаңасемей ауданында жаңа мектеп құрылысын салу.
Үржар ауданының әкімдігі мен «Q4 Тұлпар» компаниясы –балабақша салу.
Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары мен «VIRA GROUP» ЖШС – сауда үйі жобасын жүзеге асыру.
Курчатов қаласының әкімдігі мен «Samal Commodities» ЖШС –көмірді терең өңдеу арқылы аммиак пен карбамид өндіретін зауыт салу.
Семей қаласының әкімдігі мен «Белес» компаниясы – бокс орталығының құрылысы.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі


#Семей, #Абай облысы, #Абай облысының әкімі, #форум, #инвестиция