Қазақстандық өндірушілердің VIII көрмесіне «Адал Ас» компаниясы қатысуда
Астанада EXPO халықаралық көрме орталығындаотандық өндірушілердің жылсайынғы VIII «Ulttyq ónim» көрмесі өтуде. Көрмеге «Адал Ас» компаниясы да қатысып, ұлттық тағамдарымызды кеңінен танытуда. Келушілерге талқан, жент, бауырсақ, құрт және басқа да ұлттық тағамдар ұсынылуда. Олардың қатарында "AS TAL" өнімі де бар.

Жалпы компанияның негізгі мақсаты – экологиялық таза, жасанды қоспасыз ұлттық тағамдарды өндіру және халыққа ұсыну. Бүгінде компания 60-тан астам өнім түрін шығарып, еліміздің түрлі қалаларында сатылымда. «Адал Ас» компаниясының көрмеге қатысуы – ұлттық тағамдарды насихаттау, жаңа тұтынушылармен танысу және өнім сапасын арттыру. Көрмеге келушілер ұлттық тағамдардың дәмін татып, олардың пайдасы туралы ақпарат ала алады.

«Адал Ас» компаниясының Қазақстандық өндірушілердің VIII көрмесіне қатысуы – ұлттық тағамдарымызды дәріптеу және отандық өнімдерді қолдау бағытындағы маңызды қадам. Компанияның сапалы өнімдері мен адал еңбегі арқылы еліміздің тағам өнеркәсібіне өз үлесін қосуда.

Астанада EXPO халықаралық көрме орталығындағы отандық өндірушілердің VIII «Ulttyq ónim» көрмесі 18 мамырға дейін жалғасады. Қазақстанның барлық өңірінен 350 өндіруші өз өнімін ұсынуда. Елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстанда Үкіметтің қолдауымен «Даму» қорының бағдарламалары арқылы өндірілген тауарлардың алуан түрімен танысып, сатып ала алады.
#Абай облысы, #көрме, #кәсіпкерлік, #Адал Ас