Наурыз айынан бастап пойыз билеттері қымбаттайды
Биыл көктемде елімізде билеттер қаншаға қымбаттайтынын Темір жол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов айтып берді. Бұл туралы abaidan.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, 1 наурыздан бастап билет бағасы өседі.
"1 наурыздан бастап инфляция деңгейіне индекстеу аясында жолаушылар тасымалы бір жолға 7 пайызға өседі. Биыл бұдан артық өсім болмайды", – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Елімізде 1 наурыздан бастап пойыз билеттерінің бағасы 20% көтерілетіні айтылған еді.
Фото: ҚТЖ