Сауда министрлігі жыл соңына дейін жұмыртқа бағасын бекітуді ұсынды

Сауда министрлігі жыл соңына дейін жұмыртқа бағасын бекітуді ұсынды

Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті, Құс өсірушілер одағы және Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер ассоциациясы, сондай-ақ құс фабрикаларының басшыларымен жұмыртқа бағасын белгілеу мәселелерін және бағаны тарифтік емес реттеу шараларын талқылады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Маусымдық қымбаттау кезеңінде тауық жұмыртқасы бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында тараптар жыл соңына дейін белгіленген баға дәлізін белгілей отырып, 1-санаттағы жұмыртқа бағасын тұрақтандыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумның талаптарын талқылап жатыр.  Былтыр 30 қарашада Қазақстан құс өсірушілер одағы және жұмыртқа өндірушілер ассоциациясымен бағаның өсуіне жол бермеу туралы меморандум жасалған еді. Аталған шара мереке алдында жұмыртқа бағасының негізсіз өсуін тежеуге мүмкіндік берді.


#жұмыртқа