Жәрмеңкеде

Жәрмеңкеде "АС Тал" өнімі таныстырылды

Абай облысы орталығындағы М. Әуезов атындағы алаңда жергілікті тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары өнімдерінің жәрмеңкесі өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі. Жәрмеңкеде жергілікті өнім өндірушілер өз өнімдерін төмен бағада ұсынды. Олардың қатарында ет, сүт, ұн өнімдері мен бал және шұжықтың түр-түрі бар. 

Семей қаласының әкімі жәрмеңкеге келіп, өнім өндірушілердің тауарларын көріп шықты.

 Көпшіліктің назарын ұлттық өнім өндіретін "Адал Ас" компаниясының жаңа өнімі " Ас Тал" аударды.  

"Адал Ас" компаниясының құрылтайшысы Ермек Мезібаев келушілерге "Ас Тал" өнімі туралы айтты. Тұрғындар денсаулыққа пайдалы өніммен танысты. Дәмін көріп, отандық , оның ішінде жергілікті өнімнің ағзаға тигізер әсері туралы тиісті ақпарат алды. 

"Ас Тал" - Өте құнарлы, тамақты вуыстырады. арықтауға септігін тигізеді. Асқазанды ашығудан сақтайды. Ішекті тазалайды. Буын ауруларынан сақтайды. Иммунитетті көтереді. Ас қорытуға көмектеседі. Талқынаннан жасалғандықтан, асқазанға ауырлық тудырмайды. Құрамында (А,Е,В1, В2, В3, В6) және минералдар (темір, йод,калий, натрий, магний, селен,, фосфор, цинк) бар.

Құрамы: талқын, сублимацияланған құрғақ жемістер, құрғақ сүт.


#Семей, #Абай облысы