Жаңасемей ауданында 6 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді

Жаңасемей ауданында 6 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді

Шақаман ауылында халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасыларға  жаңа пәтер кілті табыс етілді,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты шараға аудан әкімі Алмас Тастенбеков қатысып, жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтап, алдағы уақытта тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасатынын айтты.

«Тұрғындарды баспанамен қамту қашан да маңызды мәселе.Ауыл тіршілігін дамыту мақсатында ауылға кеңінен көңіл бөліп жатырмыз», -деді аудан әкімі.

2023-2029 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында Жаңасемей ауданында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, Мұқыр, Бөкенші ауылдарында және Шаған кентінде екі пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр.


#Абай облысы, #баспана, #Жаңасемей