Көкпекті ауылында жағажай ашылды
Көкпекті ауылында жергілікті тұрғындар көптен күткен жағажай ашылды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы әкімінің баспасөз ққызметіне сілтеме жасап.

Көкпекті өзенінің жағасындағы жағажай аумағында киім ауыстыру кабиналары, көлеңкелі аймақтар, санитарлық тораптар және жуынатын орындар қарастырылған. Жағажай күн сайын сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қауіпсіздік мақсатында арнайы дайындықтан өткен құтқарушылар кезекшілік етеді.

Бұл – облыста Алакөлден кейінгі талапқа сай жабдықталған екінші жағажай. Жаңа демалыс орны – аудан тұрғындарына жайлы, қауіпсіз орта ұсынатын маңызды әлеуметтік жоба. Нысанның ашылуына аудан әкімі Әділет Қожанбаев қатысып, тұрғындарды құттықтап, жағажайдың таза әрі ұқыпты сақталуы баршаға ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.

#Абай облысы, #су, #Көкпекті ауданы