Талдықорғанда Q-net қаржы пирамидасын басқарған күдікті қамалды

Талдықорғанда Q-net қаржы пирамидасын басқарған күдікті қамалды

Қаржылық мониторинг агенттігі Жетісу облысы бойынша департаменті мамандары Талдықорған қаласында «Q-net» қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талдықорғанда Q-net қаржы пирамидасын басқарған күдікті қамалды

2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшы тартылып, жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам жеке қаражатын салғаны анықталды. Сот күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.


#Q-net, #Талдықорған, #қаржы пирамидасы