Семей қаласын 22 жылу көзімен жабдықтау жоспарланған
Абай облысы бойынша департаменті, объектілерді реконструкциялауға, және жаңартуға бағытталған инвестициялық бағдарламаның орындалуының қамтамасыз етуін тұтынушыларды хабардар ету мақсатында «Теплокоммуноэнерго» МКК -ның нысандары бойынша баспасөз-туры өтті. Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайлы «Теплокоммуноэнерго» МКК -ның директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Бауыржан Құрманбаев баяндады.
- Бүгінде қала бойынша 22 жылу көзімен жабдықтау жоспарланған, оның ішінде 21 қазандықты «Теплокоммунэнерго» МКК ЖЭО-1 жүзеге асырады. Қазір кәсіпорын 92 қазандық агрегатын пайдалануда, 49% пайызы тозған. Жалпы 76 орталық жылу пункті бар. Жылу желілерінің ұзындығы 2 құбырлы есептеуде 322,5 км құрайды, олардың тозу пайызы 68%. Көмір бойынша қоймалардың сыйымдылығы 75000 тонна және отынға арналған мазут бойынша резервуарлардың сыйымдылығы 2800 м3,- деп атап өтті экономикалық мәселелер орынбасары.
Семей қаласының сол жағалау және оң жағалау бөліктерін жылумен жабдықтау бір-біріне тәуелсіз жүзеге асырылады. Сол жағалауда – ЖЭО-1 және РК-1 болса, оң жағалауда – РК-3 және 6 ірі қазандық жұмыс істейді. Ал, РК-2 және «Психиатриялық диспансер» екі қазандығы Шүлбі кентінде орналасқан.
- Бекітілген инвестициялық бағдарлама бойынша 2022 жылдың 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде жылу энергиясын өндіру бойынша «Габбасов» қазандығындағы №1,2,3 ст. қазандықтарын қаптауды ауыстыру жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылған. Сонымен қатар, «Азия Энергопроект Монтаж» ЖШС мердігерлік ұйымымен №1,2 ст. қазандықтарын қаптау аяқталды және № 3 ст. қазандығын қаптау бойынша жұмыстар 2024-2025 жыл жылыту маусымы басталатын уақытқа дейін аяқталады деп жоспарлаудамыз, - деді Бауыржан Құрманбаев.
Спикердің айтуынша, 2024-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама бойынша 83 978,93 млн. теңге бектілген. Оларды орындау кезеңі 2024-2025 жылдарды қамтиды. 2024 жылы 1-ЖЭО-ны ағымдағы жөндеуге қалалық бюджеттен 500 мың теңге бөлінген.